RU

Астанада 22 жастағы бойжеткенді электровоз кабинасында зорлап кетті

Астанада екі ер кісі 22 жастағы бойжеткенді электровоздың кабинасында зорлап тастады. Электровоз локомотивті депо жолында тұрған.

Полицейлерге зорлану туралы хабар 27 қыркүйекте таңғы сағат 5-терде келіп жетті деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына ІІД жедел тергеу тобы келіп жетіп, бойжеткенді екі азиат жігіт зорлап кеткенін анықтады.

Жедел іздеу шаралары барысында 23 жастағы күдікті ұсталды.

Құрықталған азамат бұған дейін бірнеше қылмыстық істер бойынша жауапқа тартылғаны және Павлодар облысы ІІД қызметкерлерімен ұрлық жасағаны үшін іздеуге салынғаны анықталды.

Оны уақытша оқшаулағышқа қамап, екінші күдіктіні іздестіруде. Тергеу жүріп жатыр.

Факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Бір топ адамның алдын ала келісіп отырып, бойжеткенді зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерге кінәсі дәлелденген жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін түрмеге қамау жазасы тағайындалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/907188-astanada-22-zhastaghy-boyzhetkendi-elektr.html