RU

Қытай билігі Айша мен Фатима есімдерін қоюға тыйым салды

Қытай билігі Синьцзян аймағының тұрғындары үшін тым тұрпайы тыйым енгізді. Олар балаларға Айша және Фатима есімдерін қоюға қатаң тыйым салып, бұл есімдерді иеленген бүлдіршіндерді мектепке қабылдамаймыз деп қорқытып жатқанын muslim.kz жазды.

"Менің қызымның аты – Муслим. Үйіме ауыл полициясы келіп, қызымның есімін тез арада ауыстыруымды бұйырды. Полицей бізге Муслима деген есімге ресми түрде тыйым салынғанын түсіндірді. Бұдан кейін біздерге қызымыздың атын ауыстырудан басқа амал қалмады", - дейді Турахан есімді мұсылман әйелі Free Asia радиосына берген сұхбатта.

Сондай-ақ, Қытай билігі Саддам, Бен Ладен, Хуссейн, Арафат, Муджахид, Муджахидулла, Асадулла, Абдулазиз, Сейфулла, Гульдулла, Сейфиддин, Зикрулла, Несрулла, Шемсиддин және Пахирдин секілді ерлер есімі мен Муслиме, Мухлисе, Мунисе, Айше, Фатима, Хадиджа тәрізді есімдерді қоюға қатаң тыйым салған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/908274-qytay-biligi-aysha-men-fatima-esimderi.html