RU

Екі қызын балконнан лақтырып жіберген келіншектің шизофренияға шалдыққаны белгілі болды

Екі баласын терезеден лақтырған 33 жасар Жадыра Құлмамырова шизофрения кеселіне шалдыққан деп хабарлайды Today.kz.

"Стационарда жатқан кезінде оны невропатологтар, психологтар, психиатрлар қарады. Жадыра Құлмамыровадан шизофренияның симптомдары байқалған. Сонымен бірге,қайғылы оқиға кезінде әйел адам өте жүдеу күйде болған", - дейді сенімді дереккөз.

Анжела атты көрші  Жадыраны әдепті әрі салмақты әйел ретінде сипаттайды. Оның айтуынша, ері мен әйелі әрдайым ілтипатты, ал балалары көңілді әрі тәрбиелі болған.

"Ол биязы болатын, балалар төбеде секіріп жүргенде менің люстрам шайқалатын. Мен көтеріліп балалардың тынышталуын сұрадым. Мен ызалы келгем, ол болса салмақты түрде байыппен: "Олар бала ғой, түсініңізші, мен ас үйде тамақ әзірлеп жүргенде олар төр үйде секіреді, мен қайтем енді?", - дейтін. Ал оның күйеуі Саясат – тақия киген періште, үнемі күліп жүреді. Үйіне қауын мен қарбыз таситын. Бір ғана байқағаным, қайғылы оқиғадан екі апта бұрын оның алдыңғы тісі болмады. Мен бірдемемен сырқаттанған болар деп ойладым", - дейді Анжела.

Сондай-ақ, көршісі пәтерде өлімнің жиі болуына байланысты пәтер тұрғындары жиі ауысатынын айтты

"Екі жылда бұл пәтердің иелері талай ауысты. Алғашында Буткиева Тома ұлымен тұрды. Оның ұлы апаттан қайтыс болып, Тома да қайғыдан көз жұмды. Пәтер інісіне өтті, ол туған әпкесімен үй үшін соттасты. Ол жігіт те қайтыс болған соң, пәтер жалдауға берілді. Онда әзірбайжандықтар тұрған. Кейін отағасы қайтыс болып, олар отанына қайтып кетті. Кейін пәтер сатылды да, осы Көкенайлар отбасы кірді", - дейді ол.

Анжеланың айтуынша, қазір пәтерде жөндеу жүруде. Иесі оны сатуды ойлауда, өйткені жалға беру бола қоймас.

Естеріңізге салсақ, 33 жасар Жадыра Құлмамырова мен оның қызы 5 қыркүйекте Сайын көшесінде болған қайғылы оқиғадан кейін ауруханаға түсті. Құлмамырова көпқабатты үйдің терезесінен кәмелетке толмаған қыздарын лақтырып жіберген болатын, оның бірі 8 жасар Айша Көкенай оқиға орнында қайтыс болды. Артынша Жадыра Құлмамырова өзі де бесінші қабаттан секірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/908618-eki-qyzyn-balkonnan-laqtyryp-zhiberge.html