RU

"Еуропалық орыстар" Солтүстік Қазақстан облысын Ресейге қайтаруды талап етті

«Еуропалық орыстар» Солтүстік Қазақстан облысын Ресейге қайтаруды талап етті деп жазады Total.kz сайты.

Бұл туралы Abai.kz сайты хабарлайды.

Мұндай пікірді белгілі орыс ұлтшылы Егор Просвирин өзінің «Спутник и Програм» сайтының facebook-тегі парақшасында жариялаған. Осыдан кейін аталған азаматтан Total.kz сайты сұхбат алыпты.

Егор Просвирин Солтүстік Қазақстан географиялық және демографиялық тұрғыда Сібірдің жалғасы екенін айтып, бұл жер Қазақстанға "заңсыз берілгенін" тілге тиек еткен.

Ол Путин тақтан тайғаннан кейін болашақта құрылатын демократиялы орыс өкіметі бұл жерді сөзсіз қайтарып алатынына сенімді. Егор Просвирин: «Павлодардың орыстары неге қазақша оқуы қажет? Қазақтардың бұл аймаққа қандай қатысы бар?» деген ой айтқан.

Сондай-ақ ол бұл аймақты Ресей өзіне дипломатиялық жолмен, референдум өткізу арқылы қосып алу қажет екеніне тоқталған. «Себебі, бұл мәселеде Қытай мемлекетінің әсері болады» дейді орыс ұлтшылы.

Қазақ мемлекетінің тұтастығына қауіп төндірер пікір айтқан Егор осымен тоқтап қана қоймай, «Бізге қарсылық көрсететін Қазақстан армиясы жоқ, ешқашан болған да емес» деген ойын ортаға салған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/908697-europalyq-orystar-soltustik-qazaqst.html