RU

Қазақ жігіті ресейлік комедияның басты рөлінде ойнайды

Ресей телеарналарының экранына комедия жанрындағы белгілі «Интерны» телехикаясының жаңа маусымы шықты.

Онда басты рөлде Астрахань қаласының тұрғыны, ресейлік қазақ, «Камызяк өлкесінің құрамасы» КВН командасының капитаны Азамат Мұсағалиев ойнады, деп хабарлады kaspyinfo.ru.

«Болашақ үшін, сүйіктісі үшін алаңдайтын адамның рөліне ену басқаша. Бұл мен үшін қиынырақ болды», - дейді Азаматтың өзі БАҚ-қа берген сұхбатында. Дегенмен, режиссер және әріптестерінің қолдауы оған бұл міндетті орындауға көп көмек көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/909176-qazaq-zhigiti-reseylik-komediyanynh-bas.html