RU

70 жыл бұрын бауырынан көз жазып қалған палестиналық қасиетті Қағба түбінде қауышты

Қажылық парызын орындауға келген палестиналық қарияның дұғасы қасиетті мекеннен ұзамай қабыл болды.

Қасиетті Қағба түбінде ол осыдан 70 жыл бұрын көз жазып қалған бауырымен қауыштыруды тілеген көрінеді. Фатима әл-хард осы дұғасынан соң туған бауырымен тура осы қасиетті мекенде жолығып, көзайым болған.

«Оны енді көремін деп ойламайтынмын. Бірақ, үміт үзілмейді емес пе?! Құдіретті Алла тілегімді қабыл алып, онымен қауыштырып отыр. Оның жұбайы мен балаларын да көрдім. Төбем көкке жеткендей болып тұрмын», – дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/909284-palestinkalyq-qariyanynh-dughasy-qazhyl.html