RU

Қостанай облысында ұйықтап кеткен ана 4 айлық сәбиін тұншықтырып алды

Қостанай облысының 24 жастағы тұрғыны емізіп жатқан кезде ұйықтап кетіп, 4 айлық баласын абайсызда тұншықтырып өлтіріп алған деп хабарлайды BNews.kz.

«Іс материалына сәйкес, 5 маусымда 4 айлық сәбидің 24 жастағы анасы туған-туыстарының ортасында туған күнін тойлап, ішімдік ішкен», - деп көрсетілген Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Келесі күні күйеуі жұмысқа кеткеннен кейін анасы баласын емізейін деп жанына алып жатқан. Баласын тамақтандырып жатып қалай ұйықтап кеткенін аңғармай қалады. Оянғаннан кейін баласының демсіз жатқанын көреді.

Сот-медециналық сараптау нәтижесі нәрестенің емізу кезінде тұншығып көз жұмғанын көрсетті.

Сот үкімімен айыпталушы Қылмыстық кодекстің 104-бабының 1-бөлімінде қарастырылған қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/909649-qostanay-oblysynda-ana-4-aylyq-sabiin-u.html