RU

Бүркіт пен Аиша екінші рет балалы болмақ

Танымал әнші Бүркіт пен оның жары Аиша екінші рет балалы болады. Бұл сүйінші жаңалықпен дизайнер Аида Қауменова өз Instagram парақшасында бөлісті.

Бүркіт өз парақшасында сүйікті жарының фотосын жиі салып тұрады. Алайда соңғы фотоларда Аишаны көргендер оның аздап іші байқалатынына назар аударған.

Пікір қалдырушылар арасында Аиша жүкті деген қауесет тез тарағанымен, жұлдызды жұп бұл ақпаратты растауға асықпады.

Десек те әншілердің бейнебаянына арнайы киім тіккен отандық дизайнер Аида Қауменова бұл сыбысқа әдемі нүкте қойды.

Ол жұлдызды жұпқа өз құттықтауларын жаудырып, Аишаның жүкті екенін көпшілікке жария етті.

"Аиша бүгінде керемет жағдайда болғандықтан, көйлектер де оған екі есе жарасып тұр. Әлемнің әр әйелі бала күткенде ерекше бақытты әрі дені сау болсын!", - деп жазған дизайнер.

Еске салсақ, бүгінде Бүркіт пен Аиша ортақ Зейін деген ұлын тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/909809-burkit-pen-aisha-ekinshi-ret-balaly-bolm.html