RU

Қызылордада ер адам дүниесін бермей қойған бұрынғы әйелін ұрып жықты

Қызылордада азамат бұрынғы әйелінің үйіне барып, мүлкін қиратып, себепсіз ұрып-соғып, денсаулығына жеңіл дәрежедегі дене жарақатын салып, оқиға болған жерден кетіп қалған деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.

Сотталушы қасақана адам денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келтіріп, қылмыс жасаған.

Басты сот талқылауында сотталушы С.Р. сотта кінәсін толық мойындап, бұрынғы әйелі А.Қ-ның үйіне барып, ажырасқаннан кейін ортақ мүлікті бөлу үшін құжаттарын сұрағанын, ол құжаттарды бермеймін деп айқай шығарғанын, содан оған ашуланып үйінің ішін қиратып тастағанын, істеген іс-әрекетіне шын жүректен өкінетінін, жәбірленушіден кешірім сұрайтынын және моральдық зиян өндіру жөніндегі жәбірленушінің талап арызына қарсы екенін айтты.

Жәбірленуші де сот талқылауындағы жауабында сотталушы С.Р. соталушының өзіне ар-намысына тиетін сөздер айтқанын, полиция қызметкерлеріне арыз жазбайсың деп қорқытып, қысым көрсеткенін, бұрын соңды ұрып-соққанына осы уақытқа дейін шыдап келгенін, сотталушыға кешірім бермейтінін, татуласуға қарсы екенін және тиісті жазасын алуды сұрайтынын және өзіне 2 000 000 теңге моральдық шығын келгенін, сол моральдық шығынды сотталушыдан өндіруді сұраған.

Сот, жәбірленуші А.Қ-ның азаматтық талап арызынның сотталушыдан моральдық залал өңдіру туралы бөлігі негізсіз деп санайды, себебі сотталушының осы қылмыстық әрекетінен соң жәбірленуші тараптың жан азабын шеккені анықталмаған.

Сотталушы  С.Р. Қылмыстық кодекстің 108-бабымен кінәлі деп танылып, оған 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - 198 200 (бір жүз тоқсан сегіз мың екі жүз) теңге айыппұл салынды және мемлекет пайдасына сот сараптамасын жүргізуге жұмсалған сот шығыны 4990 (төрт мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз) теңге өндірілді.

Жәбірленуші А.Қ.-ның моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылды.Үкім күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/910021-qyzylordada-er-adam-duniesin-bermey-q.html