RU

Танымал домбырашы жастарды билету үшін "Ла ла лэй" атты күй шығарды (видео)

Нұржан Тәжікенов «Ла ла лей» деп көңілді күйдің ырғағымен тыңдармандарды билетуге көшкен.

Бұл туралы Гәкку арнасы хабарлайды.

Әдетте кастингке арық қыздар шақырылып, ең сүйкімділері таңдалатын. Осы жолы орта бойлы, толық қыздар іздестірілді.

"Қазақ аруы, қыз сыны байқауларында арық қыздар ғана өтіп кетеді. Неге толық қыздарды шақырмасқа деген ой келді. Қыздарымыз жақсы ойнап шықты. Жоғары деңгейде", - айтты Нұржан Тәжікенов.

Нұржанның айтуынша, клипті тамашалап қуанып жатқандардан бөлек, күймен жұртты билеткені несі деп таң қалып жатқан да бар екен. Нұржан болса, «бұл жаңашылдық, кезінде Асылбек Еңсепов ағамыз да жұртты былай билете алмаған» деп қалды.

"Интернет желісінде көпшілік «ән қандай мағына береді?» деп жазып жатыр. Бірақ бұл одағай сөз. Ешқандай мағына бермейді. Қазақта «халаулей», «япырмай» деген сияқты одағайлар көп", - дедi Нұржан.

Бұнымен шығармашылық ізденіс шектелмейді. Жақында жаңа композицияларды жұрт назарына жеткізіп, тыңдармандардың көңілінен шығуға тырысамыз дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/910297-tanymal-dombyrashy-zhastardy-biletu-ush.html