Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау қаласының әкімі жаңа орынбасарларын тағайындады

Опубликовано:

Ақтау қаласының әкімі Серікбай Трұмов жедел мәжілісте жаңадан тағайындалған қала әкімінің орынбасарларын және Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысын таныстырды.

Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақтау қаласы әкімінің білім, мәдениет және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасары болып Дирр Юрий Владимирұлы, ал Ақтау қаласы әкімінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және жұмыспен қамту мәселелері бойынша орынбасары қызметіне Көшмағанбетов Тілек Жеткізгенұлы, «Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына  Жұмабаев Қанат Қошқарбайұлы тағайындалды.

Дирр Юрий Владимирұлы - 1965 жылдың 11 қаңтарында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жаңашар елді мекенінде дүниеге келген. Білімі жоғары.

Көшмағанбетов Тілек Жеткізгенұлы - 1979 жылдың 13 маусымында Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосында дүниеге келген.  Білімі - жоғары.

Жұмабаев Қанат Қошқарбайұлы - 1976 жылы 2 сәуірде Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген.  Білімі - жоғары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/910511-aqtau-qalasynynh-akimi-zhanha-orynbasar/

pixel