RU

Қостанайлық зейнеткерге Қарттар күніне орай 4 келі картоп сыйлаған

Қостанай облысы, Жданов селолық округінің басшылығы қарттар күнінде қарияларға 4 келіден картоп сыйлаған. Аталған сыйлық мереке қарсаңында қарттардың көңіл-күйін түсірді.

Бұл туралы alau.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Наталья Ванчугова есімді кейуана мұндай «сыйға» таң қалғанын айтып, ренішін білдірді.

«Міне, Жданов ауылдық округіндегі зейнеткерлерді осындай сый күтіп тұрды. Басында не болып жатқанын мүлде түсінбедім. Осыған дейін мұндай сыйлықты өз басым көрген емеспін. Одан да, құттықтау ашық хатын сыйласа да, жететін еді ғой», - дейді қария.

Зейнеткердің айтуынша, Қарттар күніне орай оған былтырғы егістен алынған бірнеше келі картоп сыйлаған.

«Маған өткен жылы терілген 4 келі 300 грам картоп алып келді. Біз көшеде жүрген бомж емеспін, зейнеткерлерміз. Бұлай көңіл-күйді түсірудің қажеті қанша? Бүгінде картоп 35 теңге тұрады. Ал сыйлыққа 140 теңге беру зейнеткерлерге жетеді деп ойлаған ба? Басқа айтарым да жоқ», - дейді Наталья Ванчугова.

Еске сала кетейік, Қазақстандағы қарттарды құттықтау үшін 2,5 миллиард теңге бөлінгені хабарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/910939-qostanaylyq-zeynetkerge-qarttar-kun.html