Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та стриптизші болып жұмыс істейтін қазақстандық студент із-түссіз жоғалып кетті

Опубликовано:

АҚШ мемдепартаменті 2007 жылы Work & Travel бағдарламасы бойынша келген қазақстандық студентке іздеу салды. Ол Вирджиниядағы Marriott қонақүйіне жұмыс істеуге барған. Алайда Нью-Джерсиде стриптизші қызметіне орналасады деп жазды The New York Post.

Бұл туралы "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Work & Travel бағдарламасы бойынша елдің әр түкпірінен жастар АҚШ-та жұмыс тауып, жазғы уақытын өткізуге барып жатқанына он жылдай уақыт болды. Сол аралықта АҚШ-та жұмыс таппай қалып жатқан жастар да баршылық.

АҚШ мемдепартаментінің өкілі Ида Абдел шетелдік студенттер үшін виза заңдастырумен айналысқан компанияның директоры Кит Стоуннан студенттер туралы толық есеп беруін талап етті.

Стоун 2007 жылдың жазында Қазақстаннан Халықаралық білім алмасу кеңесі арқылы АҚШ-қа келген 21 студенттің тізімін берді. Алайда ол тізімде стриптизші қыздың есімі табылмады.

«2007 жылы 21 қазақстандық біздің бағдарламамен елге келді. Олардың ішінде біреуіне ғана Вирджиния-Бичтен жұмыс ұсынылған», - дейді Стоун.

Ол Вирджиния-Бичтегі екі Marriott қонақүйі шетелдік студенттерді қабылдағанын айтты. Біреуінде 11 студент, ал екіншісінде 5 студент жұмыс істеген. Алайда олардың арасында қазақстандық студент болмаған.

2010 жылы The New York Post Work & Travel бағдарламасы бойынша келген Ресейдің Воронеж қаласының студенті Дмитрий Фурсовтың Бруклинде 2008 жылы өлтірілгені туралы мақала жариялаған болатын.

Дмитрийді бағдарлама жұмыспен қамтамасыз етпеген. Салдарынан оған саксофонда ойнап, ақша табуына тура келген.

Сол кездері 22 жастағы қазақстандық бойжеткен есімін жарияламауын өтініп, бағдарламаға ақша төлегенін мәлімдеген болатын. Оған жазғы уақытта Вирджиния-Бичтегі қонақүйде сыпырушы ретінде жұмыс ұсынып, қажет визаны заңдастыруға уәде берген.

Алайда 2007 жылы келген бойжеткенге Марриотт қонақүйінің менеджері жұмыс орны жоқтығын мәлімдеген. Оған жұмыс ұсынылғанға дейін бойжеткен өзі сияқты шетелден келген 4 студентпен пәтер жалдап тұруына тура келген.

Оның айтуынша, ұсынылған жұмыс өте ауыр болған. Рекрутер аптасына 30-сағаттық жұмысқа алғанымен, студенттер қосымша ақысыз екі есе көп жұмыс атқарған.

Ақыры бойжеткен Нью-Йоркке жетіп, Queens мейрамханасында даяшы болып жұмыс істейді. Алайда оның ақысы, тіпті пәтердің шығынын көтере алмаған. Түнейтін жері жоқ студентке, кемежай депосының суық кафелінде ұйықтауға тура келген.

Грин картасыз ол заңды жұмыс таба алмаған. Тығырыққа тірелген бойжеткен Нью-Джерсидің стрип-клубтарында билеуге кіріседі. Ресейлік жұп оның «агенті» болып жүрген.

«Оларға құжаттың қажеті болмады. Бұл жақсы жұмыс емес, алайда маған оқуымның ақшасын төлеу үшін қаражат табу керек», - деп түсіндірді бойжеткен.

Work & Travel - АҚШ-тың мемдепартаменті тікелей қатысатын мәдени алмасу бағдарламасы. Бағдарлама АҚШ-та жазғы уақытын өткізіп, жұмыс істегісі келетін, ағылшын тілінде еркін сөйлей алатын студенттерге арналған.

Work & Travel бағдарламасының екі түрі бар: Premium - америкалық демеуші жұмыс орны мен тұратын орынды өзі ұсынады; Independent - жұмыс орнын студенттің өзі табады. Студент бағдарламамен шығу үшін америкалық жұмыс берушінің келісімшартын көрсетуі тиіс.

Бағдарламаның ақысына келесі қызметтер қарастырылған: барлық құжаттарды рәсімдеуде көмек; АҚШ визасын алуға қажет DS-2019 формасымен қамтамасыз ету; АҚШ визасын рәсімдеуде көмек; бағдарламаның мерзімінде медициналық сақтандыру; АҚШ-қа кетпес бұрын ақпараттық сессия ұйымдастыру; АҚШ-тағы бағдарлама координаторының тәулік бойы қолдауына ие болу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/911266-aqsh-ta-striptizshi-bolyp-zhumys-isteyti/

pixel