RU

Cуға түсіп кеткен айфонды тауып берген дельфиннің әрекеті жұртты таң қалдырды

 Багам аралдарында биші Тересса Сидің басынан таңғаларлық оқиға өтті. Дельфин оның суға түсіріп алған айфон телефонын тауып алып берді.

https://youtu.be/tJuWWAFG8LU

Бойжеткен танысына өзінің смартфонын беріп, оны суретке түсіруін сұраған, бірақ жігіт абайсызда гаджетті суға түсіріп алды.

«Біз Атлант мұхитының ортасында жүзетін платформада түсірілім жүргізгенбіз. Мен телефонымды ұстай тұру үшін біреуге бергем. Бірақ ол абайсызда суға түсіріп алды», - деп жазды америкалық азаматша Instagram парақшасында.

Дельфин су түбіне кетіп бара жатқан айфонды байқап, оған қарай жүзді. Куәгерлер дельфиннің айфонды сүңгіп алып шығып, гаджетті адамдарға бергенін бейнетаспаға түсіріп үлгерді.

Бойжеткеннің Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріне жариялаған бейнені ғаламтор пайдаланушылары 2,5 миллионнан астам рет көрді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/911267-delfin-sugha-tusip-ketken-ayfon-telef.html