RU

Сон Паскаль Қазақстаннан кетіп қалды

Итальяндық әнші Сон Паскаль Қазақстандағы музыкалық мансабын уақытша тоқтататынын мәлімдеді.  Бұл туралы әнші өз Instagram парақшасында жазды.

"Алматы. Қазақстандағы соңғы екі күн. Мен музыка мен сапарларға ден қою үшін үзіліс жасауды ұйғардым. Сіздерді сағынатын боламын (#Almaty. Last 2 days in #Kazakhstan. I decided to take a break to create some more music and travel a bit. I will miss you)", - деп жазған әнші.

Еске салсақ, Сон Паскаль Қазақстанда "Айналайын", "Жаным Сол", Englishman in Shymkent әндерімен танымал бола бастады.

Сонымен қатар Паскаль Қазақстандағы басынан өткерген жайттар туралы реалити-шоу түсірген. Паскальдың бейнероликтері әншіні туған жерінде де танымал еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/911356-son-paskal-qazaqstannan-ketip-qaldy.html