RU

Қазақ қуырдағының дәмі әлем көшбасшыларының таңданысын туғызған

Кез келген халық өз асханасын, ұлттық тағамдарын өзгеге танытуға тырысатындығы белгілі. Сол тәрізді қазақ асханасы да өзінің дәстүрлі ұлттық тағамдарын жоғарғы талғаммен дайындап дастарханға, аталы қонақтың алдына ұсынады. Бұл жағынан дүниенің дүлдей басшылар бас қосатын сарай Ақорданың аспаз асханасы қазақ ас-тағамын абыроймен танытуда деп жазды today.kz.

Ас дайындау да шығармашылық эксклюзивті талап ететін өнер екені мәлім. Қазақ асханасының өнері де әлем басшылары тарапынан ықыласпен бағаланып жатады екен.

Ресей басшылығы қызметін атқарған уақытында Астанада қонақ болған Дмитрий Медведевтің қазақ қуырдағына көңілі толғанға ұқсайды. Тамақтану барысында қосымша үлес, яғни, сыбаға сұрап тағы да тамақтанған. Ал аталған басшының тағы бір сапары барысында қой етінен жасалған стейктің дәміне таңқалыс білдіріпті. Бұл басшының еттен дайындалатын тағамдарды жақсы көретіндігі белгілі, сонымен қатар, ет тағамдарына деген талғамы да мықты болып шыққан. Елорда аспазшыларының айтуынша, қуырдақты көптеген ел басшылары жақсы көретін көрінеді.

Ал Ресейдің тағы бір атақты президенті Владимир Путин елорда асханасында дайындалған палауды мақтаған. Астанаға сапары барысында Өзбекстанда да болған Ресей президенті өзбек палауынан дәм тата отырып, қазақ асханасында жасалған палауға да қошемет білдіруі қуантарлық жайт, әрине.

Қазақ даласы қазіргі жер бетіндегі алмалардың отаны екені белгілі. Сиверс алмасы деп атап жүрген атақты алма қазақтың қарапайым қызыл алмасы ғана. Осынау дәстүрді таныту үшін кеңес кезінен бері белгілі классикалық десерт – пісірілген алма тәтті тағамы елорда қонақтарына ұсылып келеді. Бірде бұл десерттің ерекше дәміне таңғалыс білдірген ҚХР төрағасы Си Цзиньпин тағамның жасалу жолын сұраған.

Ал аспазшылар тағамның қышқыл дәмін келтіретін әрі алманың хош иісін беретін ваниль екендігін айтқан. Кейін қытай көшбасшысы өзімен бірге арнайы рецептілермен дайындалған 30 қағазқапшық ваниль алып кеткен.

Қазақтың ұлттық тағамдарының бірі құрт араб елшілігі өкілдеріне де ұнаған. Тіпті, елорда аспазшылары оларға бұл тағамды олардың сұраныстары бойынша арнайы араб мемлекетіне жіберген де екен.

Қазақ асханасында дайындалып жатқан қадірлі де қуатты қазы-қарта, жал-жая, бешбармақ ет деликатестері мен жент, құрт, ірімшік тәрізді десерттер талай ел басшыларының берекелі асына айналары сөзсіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/911451-qazaq-taghamdaryn-unatqan-prezidentt.html