RU

Өзбек ғалымдары тұмауға қарсы дәрі ойлап тапты

Өзбекстан Ғылым академиясы биоорганикалық институтының мамандары өткір вирусты ауруларға қарсы «Рутан» деп аталатын таблетка пішіміндегі жаңа препарат ойлап тапты. Бұл туралы Podrobno.uz хабарлады деп жазды ras.kz.

Агенттіктің хабарлауынша, жаңа дәрі елдің жетекші емдеу орындарында сынақтан табысты өткен. Өзбек оқымыстылары жасаған «Рутан» вируспен күресетін интерфондарды пайда болуын қамтамасыз етеді.

Бұл таблеткалар жастары 6-дан асқан балалар мен ересек адамдарға тұмау мен қатты суық тигеннен жазылу үшін ұсынылады.

Препаратты сондай-ақ, тұмау кеселінің вирустары кең тарап тұрған кезде, көбіне сондай науқасы бар адамдармен қарым-қатынастан кейін сырқаттың алдын алу үшін қолдануға да болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/911762-ozbek-ghalymdary-tumaugha-qarsy-dari-oy.html