Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1952 жылдан бері тырнағын алмаған қария рекордтар кітабына енді

Опубликовано:

Үндістанда тұратын  Шридхар Чиллал  есімді қарт Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Себебі ол сонау 1952 жылдан бері сол қолындағы тырнақтарын бірдe бір рет алмаған, деп хабарлайды The Daily Mirror.

Қазір оның сол тырнақтарының жалпы ұзындығы 909,6 сантиметрге (оның әр саусағындағы тырнақтың ұзындығы 164,5-200 сантиметр) жеткен. Рекорд иесінің айтуынша, ол тырнақтарын тіпті ұйықтап жатқанда да қорғаштайды екен.

Шридхар әрбір жарты сағат сайын оянып, қолдарын қозғауға мәжбүр. Түр-сипатына едәуір өзгеріс келтірген тырнақтың кесірінен ер адам жұмысқа тұра алмай, ұзақ уақыт бойы өзіне жар болатын әйелді іздестірген.

Бірақ ол бұған аса қынжылмайды. Өйткені ол бүкіл елдің назарын өзіне аудартқанды қатты ұнатады екен. Қазір Шридхар 78 жаста, ал оның сол қолындағы тырнақты өсіргеніне 62 жыл толған.

Рекорд жасап, аты әйгілі болған қарт тырнақтарын мұражайға тапсырмақшы, деп жазады lenta.ru.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/912539-1952-zhyldan-beri-tyrnaghyn-almaghan-qariya-r/

pixel