RU

Ресейлік журналистер Назарбаев туралы кітап жазып шықты

Сочиде өткен бүкіл ресейлік медиафорумда Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Жасампаз» атты жаңа кітап таныстырылды.

«Бүкіл Ресей» деп аталатын XIX форумға Ресейдің түкпір түкпірінен және шет елдерден мыңға жуық тілші жиылған. Форумға келген көпшілік ақпарат алаңындағы көкейтесті мәселелерді талқылап, жаңа жобалар мен әдеби кітаптарды тамашалады.

Биылғы жылғы туындылардың бірі – Ресей журналистер одағы және Қазақстан елшілігінің қолдауымен Ресейде жарық көрген «Жасампаз» кітабы. Туындыны сол елдің «Алтын қалам» атағын алған танымал жеті тілші жинақтаған. Олар кітапқа Нұрсұлтан Назарбаевтың очерктерін біріктірген.

Авторлардың айтуынша, кітапты жинап шығу қиынға соқпаған. Себебі бұл нақты дәлелдер мен шындыққа негізделген. Сонымен қатар Сочиде Қазақстан киносы күндері өтіп жатыр. Осыған орай қала тұрғындары мен форум қатысушлары Қазақфильм ұсынған жаңа киноларды тамашалай алады.

"Менің ойымша, бірегей жоба ұсындық. Мұнда біз Назарбаевтың бейнесін ашып, сол арқылы Қазақстанды көрсетуге тырыстық. Біз Қазақстанның атом бомбасынан бас тартып, есесіне үлкен ғарыш айлағын сақтап қалғанын жеткіздік. Өйткені мұның маңызы өте зор. Кеңес одағы елдерінен бөлініп шыққаннан кейінгі тоқырауда Назарбаевтың тынымсыз еңбегін және оның осындай қиын қыстаудан елді алып шығып, барлық ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүретін қоғам құрғаны туралы жаздық", - дейді Ресей Журналистер одағының хатшысы Рафаэль Гусейнов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/912544-reseylik-zhurnalister-nazarbaev-tura.html