RU

Сарапшы: Головкин Қазақстан туралы жақсы пікір қалыптастырды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің батыс жарты шардағы атағы жер жарады.

17 қазан күні ол Нью-Йоркте армян ұлтынан шыққан канадалық боксшы Давид Лемьемен жекпе-жекке шығады. Шетелдік ақпарат құралдары жерлесімізге үлкен сүйсіпеншілік білдіруде.

АҚШ-тың белгілі спорт шолушысы Майкл Вудс Геннадийді «Қазақстанның лайықты тұлғасы» деп атаған. Шетел журналистері Геннадий Головкинге туған жеріне байланысты жиі сұрақ қояды.

Оларды шебер боксшының Ресей немесе Украина емес, Қазақстан намысын қорғап, рингке шығуы қызықтырады. Алайда, бұның себебі құпия емес. Геннадийдің туған жері – Қазақстан. Кең байтақ қазақ жерінде оның ата-анасы тұрады. Қарағандылық боксшы өз Отанын сүйеді. Боксшының жауабына риза болғандардың қатарында АҚШ бокс қауымдастығының шолушысы, спорт журналисі Майкл Вудс та бар.

"Өзіміз қалам тербейтін спортшылар туралы жеке пікірімізді білдірмейміз, әдетте. Бірақ Геннадий Головкин маған ұнайтынын айтпасқа болмайды. Қазақстандық боксшы жайында зерттеп-білгенімнен оны нағыз тұлға деп мойындаймын. Өте бауырмал, қарапайым және қамқор әке. Қазақстанның намысын қорғап жүрген сыйлы азамат. Головкинге қарап, қазақстандықтар жайлы жақсы пікір қалыптасты. Ол елінің бокстағы мақтанышы. Кезекті жекпе-жекте Геннадий Головкиннің жеңіске жететініне сенімдімін", - дейді АҚШ бокс қауымдастығының вице-президенті Майкл Вудс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/912594-sarapshy-golovkin-qazaqstan-turaly-zha.html