RU

Танымал ақын БҰҰ мінберінде қазақша сөйлегені үшін Назарбаевқа өлең арнады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ақын Ауыт Мұқибек «Сен қазақша сөйледің...» деген арнау өлеңін жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Автор өлеңіне елбасының БҰҰ Бас ассамблеясы мінберінде мемлекеттік тілде сөйлегенін арқау еткен. Ол әлем елдері бас қосқан алқалы жиында Нұрсұлтан Назарбаевтың аса маңызды ұсыныстары мен ой-тұжырымдарын қазақ тілінде жариялап, халқымыздың мәртебесін биіктеткеніне сүйсінеді.

Сондай-ақ ақын Қазақстан президентінің осы арқылы барша қазақстандықтарға үлгі-өнеге көрсеткенін айтқан.

«Ана тілдің жетпесек қадіріне, Қазақ болып қайтеміз күн кешіріп», - деп толғанған Ауыт Мұқибек осылайша мемлекет басшысының қазақ тіліне деген айрықша құрметін айшықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/912966-tanymal-aqyn-buu-minberinde-qazaqsha-s.html