Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда егіз жігіттер егіз қыздарға үйленді (фото)

Опубликовано:

Егіз жігіттер Төребек пен Жолдасбек егіз қыздар Асыл мен Айымға үйленеді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы егіз жігіттердің ағасы Сұлтан Ұзақбаев хабарлады. Оның айтуынша, той  2015 жылдың 9 қазанында Ақтауда өтеді. 4 қазанда Асыл мен Айымның ұзату тойы өтті.

Ұзақбаевтың айтуынша, жастар Орал қаласында танысқан. Айта кетейік, жігіттер 10 минут аралықпен туған. Асылмен және Айыммен бірінші болып егіз жігіттердің кішісі Жолдасбек танысыпты.

"Ол дүкенге аяқ киім сатып алу үшін келді. Өзіне таңдады да сатушы Айымнан тағы осындай аяқ киімді сұрады. "Сенің егізің бар ма?" деп сұрайды. Ол "иә" деп жауап береді. Сол кезде қыз оған өзінің егізі жайлы айтыпты", - дейді егіздердің ағасы.

Айта кетейік, Айым да Асылдан кіші. Бұл оқиғалар 2014 жылы болыпты. Қалаға жігіттер оқуға келген. Олар Батыс Қазақстан облыстық Жәңгір хан атындағы университеттің студенттері. Мамандықтары - мал дәрігері. Ал қыздар мұғалім оқуында.

"Біз оларға Маңғыстау облысы бойынша егіз қыздарды іздедік. Бірақ олар қалыңдықтарын Оралдан тапты", - деп әзілдеді Сұлтанбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/912983-aqtauda-egiz-zhigitter-egiz-qyzdargha-u/

pixel