RU

«Орда» тобының әншісі отау құрды (фото)

Танымал «Орда» тобының әншісі Нұрлан Алымбеков 4 қазан күні отау құрды. Оның тойында ұл жолдас қызметін «Орда» тобының тағы бір мүшесі Есболат Беделхан атқарды деп хабарлады neke.kz.

Жас жұбайлар Қырғызстанда танысқан. Қалыңдықтың есімі — Назира, қырғыз елінің қызы. Сонымен қатар Нұрланның қалыңдығының Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істейтіні белгілі болды.

1976 жылы Бішкекте туылған әнші суретші-құрылысшы мамандығы бойынша білім алған. «Орда» тобына дейін Нұрлан Алымбеков «Бангор» тобында ән салған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/913113-orda-tobynynh-anshisi-otau-qurdy-foto.html