RU

Қарағандыда оқушылары стриптиз билеген қазақ-түрік лицейінің директоры жұмыстан кетті

Қарағандыдағы оқушылар жаппай төбелескен қазақ-түрік лицейінің директоры жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Today.kz Қарағанды облысының Білім басқармасына сілтеме жасап.

Басқарма мәліметіне сәйкес, лицей тәрбиеленушілері арасындағы ерегіс төбелеске ұласып, нәтижесінде 15 бала зардап шеккен.

Мұның алдында хабарланғандай, қазақ-түрік лицейі оқушыларының ата-анасы оқу орнының директоры атына хат жолдап, онда жоғары сынып оқушылыры кішілерді ұрып қана қоймай, оларды кемсітіп қорлағанын жазған.

"Сіздің мектептеріңізде үлкен сынып оқушылары тарапынан біздің балаларымызды 7 сынып оқушыларын жүйелі түрде соққыға жығу мен кемсіту болып тұратынын хабарлағымыз келеді", - деп жазған ата-аналар директорға жолдаған хатында.

Сонымен бірге ата-аналардың айтуынша, 2 қыркүйекте тағы бір жайт орын алған. 8 сынып оқушылары балалардың кабинетіне кіріп оларды ұра бастаған. Бір баланы стриптиз билетіп, егер ол билесе бір апта ұрмауға уәде беріп оны қолпаштағанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/913217-qaraghandyda-oqushylary-striptiz-bile.html