Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгерім Қалаубаева Instagram-нан "ілері" көп екенін жасырмады

Опубликовано:

Халыққа «Жылайды жапырақ» әнімен кеңінен танымал Әйгерім Қалаубаева өнер адамын Instagram шыңдайды деген пікірді ұстанады.

Әнші  Instagram-дағы өзіне қатысты барлық пікірлерді оқып, саралайды, ал ұнамаған жазбаларға жүйкесін тоздырмай блокка жібереді екен, деп жазады "Жұлдыз сыры" басылымы.

«Дегенмен адам баласы өзгеге 100 % ұнай бермейді. Танымайтын адам түгілі туысқандарыңның ішінде біреуге ұнайсың, біреуге ұнамайсың. Шыны керек, мен ешкімнің көңілін қалдырмас едім», - дейді жас әнші.

Әйгерімнің ойынша, кейде, instagram-дағы негатив пікірлерден сабақ алатын кездер болады. Әншіге сын қабылдай алуды, сөз көтере білуді, әр дүниеге сабырлы қарауды instagram қолданушылары үйретіпті.

«Егер мен өмірде қысқа киініп жүріп, instagram-ға ұзын көйлек киіп түскен суретімді салатын болсам, бұл екіжүзділікке жатады ғой. Мен өмірде қандаймын, әлеуметтік желілерге де сондай суреттер саламын», - деп ағынан жарылды өнер иесі.

Сондай-ақ, әнші өзінің суреттеріне қатысты да түсініктеме бере өтті.

«Сонымен қатар мен келдім, кеттім, шәй ішіп отырмын дегендей бос суреттер салмаймын. Суретке нақыл сөздер, адамды тәубешілікке келтіретін афоризмдер немесе өлең шумақтарын жазып саламын. Мүмкін менің статусым өзгенің көңіл-күйін көтеретін шығар. Бір күнде он сурет, керісінше, он күнде бір сурет салуым мүмкін», - дейді Әйгерім Қалаубаева.

Әншінің бет-келбетіне байланысты түрлі қауесеттердің ішінде «Бұрын оның көзі сығырайыңқы болған, қазір бадырайып, үлкен болып тұрады», «Мұрнын қырлатып, Майкл Джексон сияқты жасап алған» т.б. сынды сөздер көп кездеседі.

Әйгерім келбетіне ешқандай пластикалық ота жасатпағанын, тек ерніне аздап өзгеріс енгізгенін де мәлімдеді.

«Ернімді жасаттым деп те айта алмаймын, жасатуға тура келді деп айта аламын. Мен оған ота деп те қарамаймын. Менің ернімнің сол жақ шетіне ұшық шыққан. Ол ауырып, ісетін», - дейді әнші.

Әнші ұшығын жасыру үшін оны күнделікті бояп жүрген. Бірде косметолог оған ерінге ем жасауға болатынын айтып, әншіге тек ернінің оң жақ бөлігін көтеріп берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/913218-aygerim-qalaubaeva-instagram-nan-ileri-kop-ek/

pixel