RU

Ғалымдар өмірді ұзартатын ботқаны анықтады

Ғалымдар таңертең сұлы жармасын жеу мен ұзақ өмір сүрудің арасындағы байланысты анықтады деп хабарлайды 7sunews.kz.

Таңертең тек баланы ғана емес, сонымен бірге өзіңіз де сұлу жармасынан әзірленген ботқаны жеуге кеңес береді мамандар. Бұл ботқаның құрамында ағзаға пайдалы нәрлі заттар бар, ол ағзаның күні бойы қалыпты болуына себін тигізеді.

Сондай-ақ, «нашар» холестериннің деңгейін төмендетеді. Ісік ауруларының алдын алуға да әсері бар, әрі өмірді ұзартады.  Дәрігерлер 7 жылдан астам балалардың денсаулығы жағдайына талдау жасағаннан соң осындай тұжырымға келген. Олар 3 және одан үлкен жастағы 10 мыңдай баланы тексерген.

Ал олар аптасына 5 рет сұлы жармасынан пісірілген ботқа жеген. Тәжірибеге қатысқандар 10 жасқа дейін артық салмақ қоспаған, — деп хабарлады Myjane. Дене салмағы қауіпті ісіктердің туындау тәуекелін елеулі төмендетеді, дейді дәрігерлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/913355-ghalymdar-omirdi-uzartatyn-botqany.html