RU

ШҚО-да замануи үлгідегі халықаралық әуежай бой көтермек

Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданында халықаралық әуежай салынады деп жоспарлануда. Бұл туралы облыстың ақпарат орталығы хабарлады.

Бұл әуе айлағы шығыстағы бесінші әуежай болады. Жобаны салудағы мақсат – Қатон-Қарағайдың қызмет көрсету сапасын жақсартып, туристердің көптеп келуіне жағдай жасау.

Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, әуежай әкімшілігі халықаралық рейстерді ұйымдастыруды Үлкен Нарын ауылында жүзеге асырмақшы. Ал қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздемесі дайын тұр, енді тек аталған жобаның сметасын әзірлеу қалды дейді олар.

Аудан әкімінің айтуынша, Қатон-Қарағай табиғатының ерекшелігі туризм инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді.

«Туристер мен қонақтарға сапалы қызмет көрсету үшін әуежайдың құрылысын да, дизайнын да қазіргі заманғы талапқа сай жүргізілуі қажет», - дейді ол.

Айта кетейік, осы жылы Қатоң-Қарағайдың табиғатын тамашалау үшін 15 мыңнан астам турист келген. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 3,1 пайызға артық. Сондай-ақ, Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің оңтүсiк-шығысында орналасқан Белухинская демалыс аймағы туристердің қызығушылығын тудырып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/913522-shqo-da-zamanui-ulgidegi-khalyqaralyq.html