RU

ОҚО-да аяқ астынан көтерілген бағалардан саудагерлердің өздері шошып кетті

Оңтүстік Қазақстанда күнбағыс майы бірден 30 пайызға қымбаттады. Аяқ астынан көтерілген баға сатып алушылар түгілі саудагерлердің өздерін шошытты деп хабарлайды КТК арнасы.

Негізінен, Ақтөбе, Өскемен және Алматыдан келетін осы тауар түрлерінен алғаш болып Өскемендікі қымбаттапты. Саудагерлер де бағаларды өзгертіп  үлгермей жатыр.

Мәселен, бір апта бұрын 1200 теңге тұрған 5 литрлік майды қазір 1600 теңге. 400 теңге тұрған бір жарым литрлік сұйық май үшін енді сатушылар 580 теңге сұрайды. Бұл тауардан өзге Шымкентте қант, ұнның бағасы да көтерілген.

Шекер мен ұнның әр қабына 700-ден 1000 теңгеге дейін қосылыпты. Алматыда шығарылатын тәтті сусындардың да 20-30 теңгеге дейін құны өскен. Онсыз да сатып алушылардың азайып кеткенін айтқан саудагерлер баға бұлай өсе берсе мүлдем жабылып тынамыз ба деп қорқып отыр.

"Қоймада ештеңе қалмады дейді. 50 келілік қаптағы ұн 900 - 800 теңгеге қымбаттады. Құмшекердің бағасы болса 20-10 өсті. Мысалы бастапқыда 180 теңгеден сатсақ, қазір келісін 200 теңгеден сатып жатырмыз", - дейді сатушы Мейірбек Өтежанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/913797-onhtustikte-kunbaghys-mayy-birden-30-payy.html