RU

Елеусізов тағы да жасылдар партиясын құрмақ

Табиғаттың бас жанашыры атанған Мэлс Елеусізов бұл жолы президенттікке таласпай-ақ, парламентке барудың жолын қарастыруда. Ол үшін Қазақстанның жасылдар партиясын құру ісін қолға алыпты деп хабарлайды КТК арнасы.

Елеусізовтің айтуынша, ол Жасылдар партиясын осыдан ширек ғасыр бұрын құруды көздеген. Бірақ ол кезде қолдау таппаған екен. Ал енді экологиялық жағдай нашарлай түскен тұста жақтастары көбейетініне сенімді.

Сондықтан қоғамдық ұйым ретінде емес, саяси партия болып, табиғатқа араша түспек. Партия өз мүшелерінің жарнасы арқылы күн көреді деп жоспарланған.

"Қандай партия болса да, оның көп мәселелері болады. Жалғыз табиғатты айтпаймыз біз, әлеуметтік мәселелер, жастардың мәселесі, әйелдердің мәселесі, экономика. Барлық партиялар уақытша партиялар. Сайлау кезінде ғана ашылады олар. Әр партия күнде істеу керек", - дейді Жасылдар партиясының тіркеу жұмысын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Мэлс Елеусізов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/913807-mels-eleusizov-zhasyldar-partiyasyn-qu.html