RU

Англия футболшысының анасы Меккедегі қажылықта көз жұмды

Англияның «Сток Сити» футбол командасының шабуылшысы, сенегалдық спортшы Маме Бирам Диуфтың анасы Гнилане Диуф қажылық сапары барысында Меккеде қаза тапты, деп хабарлады Standard.

Ақпарат сөзінің хабарлауынша, футболшының анасы қалың адамдар легі кептеліп қалғанда арасында қалып қойған. 769 адам қаза тапқан бұл оқиғада спортшының анасының жанында әпкесі де болып, оқиғадан аман шығыпты.

Еске сала кетейік, Меккеде қайғылы оқиға қыркүйек айының соңында болған. Ресми ақпарат бойынша, нөпір адамдардың бастырылуынан 769 қажы қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/913834-angliya-futbolshynynh-anasy-mekkedegi-q.html