RU

Физика саласы бойынша "Нобель" иегерлері анықталды

Физика саласы бойынша 2015 жылғы Нобель сыйлығын канадалық Артур Макдональд пен жапониялық Такааки Каджите алды.

Оларға бұл сыйлықты квантты физикадағы құбылыс - нейтрин осцилляциясын ашқаны үшін берілді. Швед королдігі ғылыми академиясы Макдональд пен Каджите "физик ғалымдар он шақты жыл бойы ізденген жұмбақтың шешімін тапты" деп мәлімдеді.

Каджита - Токио университетінде, ал Макдональд - Кингстондағы Куинс университетінде профессор.

Ақшалай жүлдесі 960 мың долларлық сыйлықты табыстау рәсімі 10 желтоқсанда Ослода (Норвегия) өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/913923-fizika-boyynsha-nobel-iegerleri-anyq.html