RU

Талдықорған тұрғыны 7 млн теңгеге жол тәртібін бұзып, рекорд орнатты

Қырғызстан мемелекеттік нөмірімен тіркелген Honda Odyssey көлігінің қожайыны 7,3 млн теңгеге жол тәртібін бұзып үлгерді.

Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Талдықорған тұрғыны полицияның жүргізген рейдінің барысында қолға түсті.

Белгілі болғандай, бір ғана облыстық орталықта жүргізуші 456 рет Жол жүру ережесін бұзған. Құрықталған азаматтың барлық тәртіп бұзушылықтары қала қиылыстарында орнатылған автоматты тіркеу жүйелеріне жазылып қалған. 

Қазіргі уақытта жүргізушіге Жол ережесін бұзғаны үшін міндеттелген айыппұлдың жалпы сомасы 7 300 000 теңгені құрайды. Тұрғынның көлігі қарыз толықтай төленгенге дейін айып тұрағына орналастырылды.

Полциейлердің айтуынша, айыппұлды төлеуден бас тартқан жағдайда, жүргізушінің ісі сот органдарына жіберілетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/913982-taldyqorghan-turghyny-7-mln-tenhgege-zhol-t.html