RU

Отандық жұлдыздар құпия ұстайтын жеке өмірін Instagram-да жариялауда

Жеке өмірін жұртшылық назарынан таса ұстайтын қазақстандық жұлдыздар жанұялық суреттерін әркез Instagram парақшасында жариялап тұрады. Солардың кейбірін Look.tm сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы назарларыңызға ұсынады.

Баян Есентаева

Баян Есентаева Instagram парақшасына қыздарының, өзінің және жолдасының суреттерін жиі салып тұрады. Олардың ішінде үйде түсірілген фотолар да бар. Соның арқасында, продюсердің жанкүйерлері Баянның өзге киімдерге қарағанда, алқызыл мақпал халат кигенді ұнататынын байқаған.

Серік Әкішев

Серік Әкішевтің өнегелі отағасы екенін тележүргізушінің Instagram парақшасына жазылушылар жақсы біледі. Онда тіпті Серіктің өзі түскен суреттерден гөрі әйелі мен қыздарының фотолары әлдеқайда көп.

Әйгілі жүргізушінің парақшасы аккаунт емес, отбасылық альбомға көбірек ұқсайды.

Лидо

Ал әнші Лидоның Instagram парақшасы соңғы кездері толық жанұясына арналғандай әсер қалдырады. Бұрын әнші сауық кештерінде түскен және сән түсіріліміндегі фотоларын жанұялық бейнелермен кезек-кезек салып отыратын.

Мұрат Мұтырғанов

Мұрат Мұтырғанов - көңілі ашық жан. Жұбайы екеуі бірінші баласын асыға күтіп жүргенін еліміздің атақты клоуны жұртшылыққа өзі-ақ жайып салды.

Суреттерінен басқа Мұтырғанов парақшасында жазбаларымен де бөлісіп отырады. Алматы зообағының менеджері әке атануға жеті жыл бұрын дайын болған екен. Мұтырғановтың бақытты болғаны соншалық, ол өз қуанышын бәрімен бөліскісі келеді.

Алмас Кішкенбаев

Алмас Кішкенбаев - нағыз балажан әке. Мұндай тұжырымды әншінің Instagram парақшасына қарап жасайсыз. Ресейлік жұлдыз Тиматимен салыстырғанда, қазақстандық әнші қызының келбетін ешкімнен жасырмайды.

Rin'GO тобының солисі Аян Бірбаев

Аян Бірбаев - қызының жанкүйеріне айналған тағы бір жұлдыз. Бірақ Алмас Кішкенбаевқа қарағанда, Rin'GO тобының солисі ұлымен суретке түседі және қасына жұбайын қосуды ұмыт қалдырмайды.

Әншінің фотоларынан оның әйелімен тату-тәтті, бақытты ғұмыр кешіп жатқанын анық аңғаруға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/914533-otandyq-zhuldyzdar-qupiya-ustaytyn-zhek.html