RU

Ким Кардашьян жүктілік кезеңін жек көретінін айтты

Әлемге әйгілі тележұлдыз Ким Кардашьян жүктілік кезеңін жек көретінін айтты.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жазбасында түсіндірген. Еске сала кетейік, бүгінде тележұлдыз екінші сәбиіне жүкті.

«Жасырмаймын, мен үшін жүктілік өмірімдегі ең нашар тәжірибе. Ха! Мен бұл кезеңде мүлде ләззат алмаймын және жүктілік кезеңінде рахаттанып жүретін әйелдерді түсінбеймін. Ішің өсіп кетеді, арқаң ауырады, бүкіл денең ісіп кетеді. Ешбір киім үстіңде дұрыс тұрмайды. Мен өзімді өз терімде жүргендей сезінбеймін. Өзімді сексуалды сезінбеймін. Аяғым ауыр кезде мен өзімді өте үлкен сезінемін», - деп жазады Кардашьян.

Бүгінде жұлдыздың жанкүйерлері Кардашьянның бұл пікіріне наразылық білдіруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/915030-kim-kardashyan-zhuktilik-kezenhin-zhek-ko.html