RU

NUR.KZ оқырмандары отандық шоу-бизнестегі ең сұлу аруды анықтады

Бүгін  NUR.KZ-те жарияланған қазақстандық шоу-бизнестегі ең сұлу аруға дауыс беру кезеңі аяқталды. Сауалнамаға 14 мыңнан астам оқырман қатысқан.

Нәтиже бойынша жеңімпаз атанған 10 бойжеткеннің тізімін назарларыңызға ұсынамыз.

10 орын. Актриса Айсұлу Әзімбаева

9 орын. Актриса Динара Бақтыбаева

8 орын. Әнші Айдана Меденова

7 орын. Актриса Дарья Александрова

6 орын. Продюсер Баян Есентаева

5 орын. Актриса Аружан Жазылбекова

4 орын. Актриса Саягүл Оразғалиева

3 орын. Актриса Әлия Әнуарбек

2 орын. Актриса Әсел Сағатова

1 орын. Актриса Қарлығаш Мұхамеджанова

Қазақстан халық әртісі, опера әншісі Нұржамал Үсенбаева мен танымал композитор Төлеген Мұхамеджановтың қызы көрермендердің көңілін "Лаве", "Рывок" және "Ликвидатор" фильмдеріндегі жарқын бейнесі арқылы жаулап алды.

"Сұлулық ұғымына өзгеше қырынан қарауға тырысам. Меніңше, әр адамның өзіне ғана тән сұлулығы болады. Егер біреуді сұлу жан екен деп танып жатса, бұл бәрі сол көрсеткішке сәйкес болуы керек деген сөз емес. Әркімнің өз талғамы бар, мүмкін мен біреуге ұнап, біреуге ұнамайтын шығармын. Сенен де әдемі, ақылдырақ адамдар бар екенін естен шығармаған дұрыс. Әрине, маған даусын беріп, мені әдемі деп ойлайтын жандардың барына қатты қуаныштымын. Десек те, оқырмандар мені бірінші кезекте шығармашылық тұлға ретінде ұнатады деп ойлаймын" - деп пікірін білдірді отандық актриса.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/915205-nur-kz-oqyrmandarynynh-tanhdauymen-otandyq.html