Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда әйнек көпірге сызат түсіп, туристердің зәре-құтын қашырды

Опубликовано:

Қытайдың Хэнань провинциясында өткен айда ашылған әйнек көпір туристердің аяқ алысына төзе алмады.

Мұнда келген саяхатшылардың бірі термосты түсіріп алып, көпірге жарық түскен, деп хабарлайды The Telegraph.

Мұны көрген және аяқтың астымен жүріп өткен вибрацияны сезген өзге туристер дүрлігіп, көпірден жүгіре жөнелген. Артынша жергілікті билік өкілдері бас-көзге қарамастан қашудың қажеті аз болғандығын мәлімдеді.

Себебі көпірдің үш қабатының тек біреуіне ғана жарық түскен. Бірақ қазір көпір туристер үшін жабық тұр. Таудың қос шатқалын жалғаған көпір ұзындығы - 300 метр. Ол 24 миллиметрлік әйнектен салынған.

Осыған дейін көпір жобасының авторлары оның шаршы метрі 800 келіге дейін салмақты көтере алатынын айтқан болатын, деп хабарлайды lenta.ru.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/915251-qytayda-aynek-kopirge-syzat-tusip-tur/

pixel