RU

Алматыда масондардың құпия бөлімі ашылды (фото)

2015 жылдың 19 қыркүйегінде Алматыда Ресейдегі бөлімнің қолдауымен Қазақстан тарихында алғаш рет Әлейхан Бөкейхановтың атындағы масондық бөлім ашылды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі қоғамдастықтың баспасөз хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Кешке Ресей мен Грузияның сыйлы қонақтары шақырылды. Іс-шараға қатысқан бөлімнің кей мүшелерінің фотосы әдейі бұлдыратып берілген.

«Қазақ жерінде Еркін тасшылар орденінің ресми түрде негізі қаланды» - дейді Ресейдегі бөлімнің шебері Андрей Богданов.

"Бұл Еркін тасшылар бауырластығының әлем бойынша тізбегінде Қазақстанның масондығын мойындатудың  алғашқы қадамы", - делінген баспасөз хабарламасында.

Кеш соңында Қазақcтан эстарадасының жұлдыздары концерт қойды.

Масондар бөліміне қазақтың қоғам қайраткері, этнографы, журналисі, "Алаш" партиясының көшбасшысы Әлейхан Бөкейхановтың есімін берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/915263-almatyda-masondardynh-qupiya-bolimi-ash.html