RU

Ресейлік әнші Виктория Дайнеко тұңғышын босанды

28 жастағы ресейлік жұлдыз Виктория Дайнеко мен оның жұбайы, 22 жастағы дауылпазшы Дмитрий Клейман алғаш рет ата-ана атанды.

Бұл туралы Сomode.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Виктория Дайнеко тұңғыш баласын еш қиындықсыз босанып алған, қазір анасы да, сәбиі де өздерін жақсы сезінуде. 

«Фабрики звезд» байқауының жеңімпазы Дайнеко сәбиін мәскеулік емханалардың бірінде 3 қазан күні босанған. Бірақ, әзірге нәрестенің жынысы мен есімі белгісіз болып отыр.

Атап өтейік, Дайнеко жүктілігін босанғанға дейін жасырып келген және бұл туралы сұхбат беруден бас тартқан еді.

Ресейлік жұлдыз бен 22 жастағы Дмитрий Клейманның үйлену тойы осы жылдың ақпан айында өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/915471-reseylik-anshi-viktoriya-dayneko-tunhghy.html