RU

«Lexus» қатырма қағаздан көлік жасап шықты

Танымал Lexus автомобиль компаниясы «Lexus IS» көлігінің белгілі нұсқасын жаңа қырынан көпшілікке таныстырды, деп хабарлайды kolesa.ru порталынан.

Қатырма қағаздан жасалған автомобильдің қозғалуы үшін оған қымбат тұратын шынайы электр моторы мен болат пен алюминийден жасалған қаңқа салынды.

Дөңгелегі, корпусы және өңдеу салоны әрқайсысының қалыңдығы 10 миллиметр болған 1700 қатырма қағаз парақшасынан жасалған.

Бұл модель үш ай бойы құрастырылды, себебі ол судан әзірленген желімнен дайындалған. Ерекше көлікті құрастырушылар қатырма қағаздан дайындалған машинаның әр бөлшегін 10 минуттай кептіргенін айтады.

Көліктің барлық бөлшектері қолмен жиналды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/915558-lexus-qatyrma-qaghazdan-kolik-zhasap-shyqt.html