RU

Назарбаев Таразда «Қазақ хандығының 550 жылдығы» монументін ашады

Нұрсұлтан Назарбаев Таразда «Қазақ хандығының 550 жылдығы» монументін ашады.

«Биіктігі 30 метр болатын монумент қаланың батыс жағында «Тараз-Арена» спорт сарайының қарсы алдында тұрғызылады. Қазақ хандығы құрылуының тарихи мәнін жақсы ашатын мүсіндік композиция барлық жағынан жақсы көрініп тұрады. Монумент ауданы 3,5 га болатын скверде орналасады», - деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметі.

Хабарда айтылғандай, мүсіндік кешенге мұнарадан басқа Керей мен Жәнібек хандардың бейнелері енген. Олар Қазақ хандығын құрған алғашқы хандар.

Ескерткішті орнатып,  абаттандыру үшін  350 млн теңге бөлінді. Монументті ашқан соң Нұрсұлтан Назарбаев «Көне Тараз» археологиялық бағының ашылуына қатысады деп жоспарлануда.

Нысандар республикалық мәндегі ескерткіштер болап табылады. Тарихи-мәдени кешен аумағында ашық аспан астындағы мұражайдан басқа «Мыңбұлақ» сквері, «Тараз әуендері» алаңы (композициясы), айналаға қарауға арналған мұнара бар.

Кешен құрылысының жалпы құны 2,5 млрд теңге болды. Жобаның негізгі мақсаты -  әлемдік мәдени мұралардың ЮНЕСКО тізіміне енгізу арқылы ұлттық жаңа мәдени бренд - «Көне Тараз»  брендін жасау.

Археологиялық парк аумағындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары 2017 жылға дейін жалғасатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/915566-nazarbaev-tarazda-qazaq-khandyghynynh-550.html