RU

Өскеменде ер кісі 89 жастағы анасын аяусыз соққыға жықты

Өскеменде 67 жастағы ер кісі 89 жастағы анасын аяусыз соққыға жықты.

Бұл туралы YK-news.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Өскеменнің облыстық орталығында кейуананы аяусыз ұрып-соққан азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Егде жастағы ер кісі үйіне келіп, еш себепсіз анасын соққыға жыққан.

"67 жастағы ер кісі үйіне мас күйде келген. Ол еш себепсіз өзінің 89 жастағы анасын ұрып-соқты. Сараптама кейуананың дене жарақаттарын алғанын анықтады: мұрны сынып, қолдары көгерген", - дейді сот төрешісі Бейнегүл Қайсина.

Ұлының қол көтергеніне қарамастан, анасы оған сот тергеуі басталмай жатып кешірім берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/916243-oskemende-er-kisi-89-zhastaghy-anasyn-ayaus.html