RU

ІІМ Астана маңында ұшақ құлады деген ақпаратты жоққа шығарды

ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Астана маңында ұшақтың апатқа ұшырағандығы жайында ақпаратты жоққа шығарды. Бұндай мәлімдемені бүгін баспасөз мәслихатында аталған комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов жасады.

«Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел топтары осы ақпарат бойынша аталған төңіректі тексеріп келді. Қазіргі кезде олар өздерінің жұмыс орындарына оралып, бұндай фактінің болмағанын хабарлады», - деді ресми өкіл.

Осы орайда ол бұл жалған ақпарат әдейі таратылған болса, онда Ішкі істер министрлігімен бірлесе теріс ақпарат таратқан адамды анықтау үшін тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.

«Біреу телефон шалып, жедел топты кезекшілігіндегі жұмысынан бөліп, төңіректі тексеруге себепші болды. Дегенмен де мәліметтерді тексеру біздің міндетіміз ғой», - деді Иманқұлов.

Еске сала кетсек, БАҚ-та Астана маңында ұшақ құлап, өртенген болуы мүмкін деген ақпарат тараған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/916313-iim-astana-manhynda-ushaq-qulady-degen.html