RU

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығы соңғы 28 жылда алғаш рет орыс тілді авторға берілді

Стокгольмде әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты белгілі болды. Бұл жолы үлкен мәртебеге беларусьтік жазушы Светлана Алексиевич ие болды, деп хабарлады РБК.

Алексиевич «У войны не женское лицо», «Цинковые мальчики», «Чернобыльская молитва» және т.б. көптеген шығармалардың авторы. 2000 жылдардың басында Алексиевич Беларусьтен көшіп кеткен, қазір Батыс Еуропада тұрады.

Сыйлық иегерін жариялау қарсаңында William Hill букмекерлік кеңсесі  Алексиевичтің Нобель сыйлығына қол жеткізу мүмкіндігін жоғары бағалаған. Бұл ретте, кеңсенің пікірінше, одан тек жапондық автор Харуки Муракамидің мүмкіндігі жоғары болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/916392-adebiet-boyynsha-nobel-syylyghy-sonhghy-28.html