RU

Қайрат Ерәлиев әлем чемпионатында өзбек боксшысынан ұтылып қалды

Катарда өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының 56 келідегі боксшысы Қайрат Ералиев өзбекстандық Мураджан Аxмедалиевтен айласын асыра алмады.

Тартысты өткен кездесуде алғашқы раундты өте қарқынды бастаған Өзбекстан боксшысы жеңіске жетті.

Жеңістің сусып бара жатқанын сезген Қайрат Ералиев екінші раундта белсенділігін үдете түскен. Алайда онда да қазылар көрші елдің ұланына жеңісті ұстатты.

Үшінші раундта да  Аxмедалиев қазақстандық боксшыны сан соқтырып кетті.

Осылайша, Қайрат Ералиев өзі екінші рет қатысып отырған әлем чемпионаты  додасында алғашқы кезеңде жеңіліс тауып отыр.

Айта кетейік, бұның алдында Закір Сафиуллин Катардағы әлем чемпионатынан шығып қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/916561-qayrat-eraliev-alem-chempionatynda-oz.html