RU

Танымал актер Ли Мин Хоның көрерменге беймәлім он қыры

Отандық телекөрермендер корейлік актер Ли Мин Хоны "F4 - Жігіттің сарбаздары", "Мұрагерлер" хикаялары арқылы жақсы таниды. Актердің өміріндегі қызықты деректерді Comode.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

1. Ли Мин Хоның актерлік мансабы сынақтарға толы. Әр хикаяның түсірілімі кезінде актер түрлі дене жарақаттарын алады. Соңғы кездері, түнде өткізілетін түсірілімдерге байланысты Мин Хо тәулігіне үш сағат қана ұйықтайды екен.

2. Корей драмаларының жұлдызы бала кезінде футболшы болуды армандаған. Оның шымыр денесі, сұлу мүсіні - футболмен айналысқан қарқынды жаттығулардың нәтижесі. Десек те, актер әлі қол жеткізгісі келетін мақсаттары барын жасырмайды, ол өз даусының қатқылдау болғанын қалайды.

3. Ли Мин Хо сөмкесінде әрдайым әтір салып жүреді. Актерге денесінен жағымды иіс шығып тұрғаны қатты ұнайды.

4. Көрермендердің көзайымы Ли Мин Хо әрдайым өз жанкүйерлеріне жақын болғанды қалайды, сондықтан әуежайлар мен қонақүйлердің VIP-кіреберістерін қолданбайды.

5. Жанкүйерлердің актерге деген махаббаты соншалық, киножұлдыз кейде тәртіп сақшыларын көмекке шақырады. Бірде Қытай әуежайында Ли Мин Хо әжетханаға барғысы келіп, сыртқа шыққанда, қытайлық табынушылар актерге жол бермеген. Тұтқындалып қалған актер көмекке тәртіп сақшыларын шақырған.

6. Ли Мин Хоның арманындағы қыз "Ыстық ұя" хикаясындағы Сон Хе Ке-ні сомдаған бойжеткен екен. Бірақ, актер тек 35 жастан кейін үйленгісі келеді.

7. Ли Мин Хо - "4 F- Жігіттің сарбаздары" драмасында өзі ойнаған кейіпкер секілді жүзуді білмейтін жігіт. Балалық шағында суға түсу үшін құтқару жилеті мен күннен қорғайтын көзілдірік киіп жүрген.

8. Жыл сайын Ли Мин Хоның жанкүйерлері жер шарының түкпір-түкпірінен сүйікті актерінің туған күні мен киноға тұңғыш рет түскен сәтін атап өтеді.

Көрермендер актерге құттықтау хаттарын жолдап, жаппай түсірілген роликтерін дайындайды. Корейлік жұлдыздың суреттерін қабырғаларға іліп, көше бойына безендіріп тастайды.

9. "Мұрагерлер" драмасында киген қымбат киімнің бәрін (ол хикаяда байдың баласының рөлін сомдады) Мин Хо өз ақшасына сатып алған. Бұған актер 50 млн вон жұмсаған.

10. Мин Хоның Facebook парақшасында 16 миллионнан астам жазылушылары бар. Ол жазылушысы көп актерлер арасында 16 орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/916709-tanymal-akter-li-min-kho-ystyq-uyadaghy-q.html