RU

Күннің маңындағы жұмбақ объектілер жұртты таңғалдырды

YouTube сайтында елді елең еткізген бейнеролик жарияланды. 1995 жылы ұшырылған SOHO аппараты түсірген суреттерден құрастырылған роликте Күннің маңындағы жұмбақ объектілер анық көрінеді деп хабарлайды 24.kz.

Ал олардың не екендігі және қайдан пайда болғандығы ғаламторға келушілер арасында қызу пікірталас тудырды. Кейбіреулер оны «Күн жанындағы құйрықты жұлдыздар» десе, өзгелері «ұшқыш тарелкалар» деген.

Ал freekflag атты пайдаланушы олардың Күннен қуат алып жатқандығын айтқан. Күннің суреттерін НАСА сайтынан көруге болады. Ролик авторының айтуынша, оларды бірнеше жылдан бері зерттеп келеді екен.

Бірақ мұндай құбылыс бұрын сирек болса, қазір едәуір жиілеп кеткен, деп жазады epochtimes.ru.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/916723-kunninh-manhyndaghy-zhumbaq-obektiler-zh.html