RU

Қазақстандық комментатор тікелей эфирде жұмыстан қуылды

"Барыс" пен "Металлург" арасындағы матч кезінде KazSport телеарнасының хоккей комментаторы Александр Олейник жұмыстан шығарылды деп хабарлайды Vesti.kz "Шайба.kz" басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. Басылымның мәліметінше, оқиға тікелей эфир кезінде болған. Оның айтуынша, шешім оның "Барысқа" жанкүйер еместігіне негізделген.

Басылымның хабарлауынша, Александр Олейник "Барыс" матчтарын ҚХЛ-дың бірінші маусымынан бастап жүргізген. Ол 2009 жылы телевизиялық комментаторлар лигасының ең үздік үштігіне енді.

"Қолдауларыңыз үшін баршаңызға көп рақмет! Бірдеңе дұрыс болмаса, комментаторды жұмыстан шығару керек. Ауысымымды өткіздім", - деп жазды Олейник Twitter желісінде.

Бұл жағдайға қатысты KazSport басшылығынан түсінік алу мүмкін болмады. Айта кетейік, "Барыс" 4:2 есебімен "Металлургты" жеңді.

Сол арада Қазақстандық комментатор Александр Олейникті жұмыстан шығарған телеарна емес, Sport Media Enterprise Kazakhstan компаниясы екенін Tengrinews.kz тілшісіне арна басшысы Павел Цыбулин хабарлады.

Аталмыш компания - хоккей матчтарының трансляциясын тапсырушы кәсіпорын.

"Оны кім шығарды?! KazSport оны жұмыстан шығарған жоқ. Айта кетейін, ол (Олейник - Авт.) біздің комментаторымыз болып қала береді, бірақ өзге мачтар бойынша, біздің оған көңіліміз толады және біз оған қаламақы төлейміз. Бірақ хоккейге қатысты жағдай мүлдем өзгеше. Sport Media Enterprise Kazakhstan деген компания бар, ол дайын өнімді тапсырады (...) Яғни, оның олармен келісімшарты бар, не үшін жұмыстан қуылғанын солардан сұрау керек", - деп түсіндірді Цыбулин.

Өз кезегінде Sport Media Enterprise Kazakhstan басшысы Илья Пустогачев бұл жағдайға қатысты пікірін кейінірек беруді уәде етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/916834-qazaqstandyq-kommentator-tikeley-ef.html