RU

Қайрат Нұртас әкесінің тойында әншілерді әбден билетті (фото, видео)

8 қазанда Алматыда еліміздің ең табысты әншісі Қайрат Нұртастың әкесінің 50 жасқа толған мерейтойы дүркіреп өтті.

Думанды кештің қызықты сәттерін Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

Кеш қонақтарының арасында Қазақстанның танымал әртістері Ұлықпан Жолдасов, Алтынай Жорабаева, Нұрлан Еспанов та бар.

Әкесіне арнап шын көңілден ән шырқаған Қайрат Нұртас қонақтарды әбден билетіп, көңілін көтеруде аянған жоқ. Шаттанған әртістер би үстінде селфиге түсуді де ұмыт қалдырмаған.

Ал Гүлзира Айдарбекова өз жарын той басталмас бұрын Instagram-парақшасында құттықтап та үлгерген.

"Аяулы жарым, арқа сүйер тірегіміз, жан-жарым, туылған күнің құтты болсын! Әрқашан да қолымнан жетелеп, өмірдің соқпақтарында, қуанышты күндерімде жанымнан табылып, балаларымыздың қызықшылығын соңғы деміміз біткенше бірге көруді Алла қабыл етсін! Ел-жұртыңның алдында абыройлы, денің сау болып, ұзақ та мәнді өмір сүруіңді тілеймін!!!", - деп жазған танымал продюсер өз жарына.

Ал Гүлзираның парақшасында Қайраттың өнеріне тәнті оқырмандар оның әкесіне ұзақ ғұмыр тілеп, өз жылы лебіздерін жаудырып жатыр.

Еске салсақ, әнші сәуір айында анасының тойын дүркіреп өткізген еді, ал әйелінің туған күнін жасырын атап өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/916896-qayrat-nurtas-akesininh-toyynda-anshil.html