RU

Әлеуметтік желіде ең танымал отандық жұлдыздар кімдер?

Бүгінде әлеуметтік желі арқылы жеке өміріндегі жаңалықтарымен бөлісуді отандық жұлдыздар әдетке айналдырған. Instagram арқылы видео жасауға мүмкіндік алған әртістер жанкүйерлеріне жақындай түсті.

NUR.KZ 15 минуттық бейнеролик емес, бүтін бір реалити-шоу түсіруге қауқары бар әртістердің тізімін назарларыңызға ұсынады. Жұлдыздардың рейтингісі сұранысы ең жоғары Instagram аккаунттардың негізінде жасалған.

Мейрамбек Беспаев (539 000 жазылушысы бар)

Ел арасындағы шығармашылығы  әрдайым шарықтап тұратын бірегей әртіс. Әйгілі өнер иесі халықтың ыстық ықыласына жастайынан бөленіп келеді. Қалың көпшілік Мейрамбектің шығармашылығын мұқият қадағалап, жаңа әндерді асыға күтіп отырады.

Мейрамбек Беспаев туралы шоу қашан да отандық телевизияның көрермендерін бей-жай қалдырмайтыны анық. Әншінің "Ғашық жүрек" фильміндегі бір ғана образы туындыны мол табысқа кенелтті. Фильмнің мұндай жетістікке жетуіне Беспаевтің үлесі зор болды.

https://instagram.com/p/4hKoqmGR-H/?taken-by=m_besbaev

Бүркіт (545 000 жазылушысы бар)

2002 жылы Айбек Сейітов жеке әншілік мансабын "Бүркіт" атты лақап атымен бастаған болатын. Әртістің танымалдығы әйелі Аишамен бірге өнер көрсете бастаған соң артты. Жанкүйерлер қос әртістің шығармашылығымен қатар, отбасылық өмірін де назардан тыс қалдырмайды.

https://instagram.com/p/8iuO32zDko/?taken-by=berkut_kazakhstan

Қайрат Нұртас (614 000 жазылушысы бар)

Осы жылы Қайрат Нұртастың танымалдығы оған "Муз-ТВ. Гравитация" марапаттау кешіндегі "Қазақстанның ең үздік ән орындаушысы" номинациясы берілгеннен кейін нығая түсті. Түрлі жанжалдардың кейіпкеріне айналып үлгерген әншінің тыңдармандарына айтары аз емес секілді.

https://instagram.com/p/8a_gqCM506/?taken-by=kair_n

Айдана Меденова (623 000 жазылушысы бар)

Шоу-бизнесте бұрынғы продюсермен жақсы қарым-қатынаста қалу бәрінің қолынан келе бермейді. Бұл жағдай "Кешью" тобының бұрынғы солисі Айдана Меденоваға да қатысты секілді. Бір айдан соң бойжеткен "Индиго" мен "FM" топтарының продюсері Әлішер Нұржановқа тұрмысқа шықты.

Аталмыш екі жағдай әншінің танымалдығына едәуір ықпалын тигізді. Біздің орнымызда америкалық телевизия өкілдері болғанда, мұны жай қалдырмай, реалити-шоуға айналдыруы мүмкін еді.

https://instagram.com/p/54KhRTIycA/?taken-by=aidanamedenova

Кәмшат Жолдыбаева (627 000 жазылушысы бар)

Кәмшат - "КешYou" тобынан кеткен Баян Есентаеваның бұрынғы шәкірттерінің бірі. Бірақ Кәмшаттың продюсерімен тату-тәтті қоштасқанын айтпай кетпеуге болмас. Қазір әнші қыздың жеке шығармашылығы шарықтап тұр, ал жанкүйерлері Кәмшаттан жаңа әндер күтеді.

https://instagram.com/p/8FdSM9wJJU/?taken-by=kamshat__zholdybayeva

Cәкен Майғазиев (638 000 жазылушысы бар)

"Мұз-Арт" тобы әрдайым халық назарында. Ал аталмыш топтың солистері еліміздегі қаламақысы ең жоғары әртістердің қатарына кіреді.

Сондықтан болар, Сәкен Майғазиевтің Instagram парақшасы ең танымал аккаунттардың біріне айналған. Әншінің 638 мың жазылушысы әртістің өмірінде болып жатқан өзгерістер жайлы көбірек білгісі келеді. Тіпті Майғазиевке отбасылық фотоларды жиірек жариялау туралы өтініштер толассыз түсіп жатады.

https://instagram.com/p/8JMXrfhX5V/?taken-by=saken_maigaziyev

Қарақат Әбілдина (660 000 жазылушысы бар)

Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болмановтың концерттерінде халық әлі күнге дейін лық толы отырады. Әртістер сахнада ғана емес, өмірде де бақытты ғұмыр кешуде. Қыдырәлі мен Қарақат - төрт ұл тәрбиелеп отырған өнегелі отбасы. Бірақ, қос ғашық киелі сахнаны да ешқашан тастамайды.

Жұлдызды жұптың өнегелі отбасы мен өнер жолын қуу туралы кеңестері көптеген қазақстандық жанұяларға үлгі болуға тұрарлық.

https://instagram.com/p/7nxjbpupsW/?taken-by=karakat_a

Айқын (718 000 жазылушысы бар)

Осы жылы Айқын Төлепберген халық алдында жеке концертін бермек. Super Star KZ жобасының түлегі 2006 жылдан бері жақсы әндерімен жанкүйерлерінің санын арттырып келеді.

https://instagram.com/p/8LLqGeD74R/?taken-by=aikyn

Аша Матай (804 000 жазылушысы бар)

Биыл Аша Матай - "жыл қалыңдығы" атағына лайық жан. Аша мен Mysterions тобының солисі Арман Қоңырдың үйлену тойы Instagram-ды жаулап алды. Жас жұбайлардың отбасылық өмірі туралы реалити-шоу жақсы рейтинг жинайтыны даусыз.

https://instagram.com/p/7k7EZ6P8pB/?taken-by=asha_matai

Баян Есентаева (1 000 000 жазылушысы бар)

Баян Есентаеваның Instagram парақшасы - жанжалға, шоу-бизнестің шиеленісіне толы реалити-шоу іспеттес. Продюсердің миллион жанкүйерден құралған аудиториясы сүйікті әртісінің әр қадамын бақылайды, Баянның жобаларынан бөлек, жеке өміріне, балаларына қатысты сан сауалдар тастап, продюсердің шамына тиетін кездері де аз емес.

https://instagram.com/p/3n85CYSjnS/?taken-by=bayanyessentayeva_official

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/917565-qazaqstandyq-zhuldyzdarynh-ishinde-kim.html