RU

Тараздағы мың адамға арналған мешіттің сәулеті тамсандырды (фото)

Таразда дін мен дәстүрдің озық үлгісі болған, сәулеті келісті мешіт тұрғызылды. Мерекеге арнайы соғылған ғибадат үйі 3 ай ішінде бой көтерген.

Бұл туралы AlmatyNews ақпараттық агенттігінің тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бұл мешітке «Кеңескен қажы Ахаев» аты берілді. Мешіт сыйымдылығы – 1000 адам.

«Мешітті ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев ашты. Дүбірлі тойға ат артып келген дінбасы Алла үйіне Құран кітабын сыйға тартты», - делінген хабарламада.

Күндердің сұлтаны жұма күні өз есігін айқара ашқан мұсылмандық ордасында екі ракат нәпіл намазы оқылып, кейін уағыз айтылды. Сондай-ақ  азан шақырылып, жұма намазы оқылды.

Мешіттің имамы болып «Хазірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Ғазиз Ахметов тағайындалды.

Ғимарат әйелдер намазханасымен, дәретханамен қамтамасыз етілген. Оның бас қақпасы қасиетті Құран кітабын бейнелейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/917771-tarazdaghy-mynh-adamgha-arnalghan-meshitt.html